Алматы қаласы

Метроның «Абай» стансасындағы барельеф (Алматы қ.)

"Абай" стансасы 2011 жылы 1 желтоқсанда ашылды. Метро төрінде қола және «флоренция нақышында» орындалған Абай бейнесi бедерленген көркем панно орналасқан. Бедерлі композиция сәулет өнерімен үндесіп замана стиліне сай нақышталған. Абайдың қара сөздері, ой иiрiмдерi, ғибратты тәмсiлдерi көңiлiңiздi әр қиырға жетелеп, санаңызға серпiлiс әкеледi.