Қуаныш Сұлтанов: Абай – адамзатқа ортақ тұлға

Құрметті төрага мырза! Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Бүгін ЮНЕСКО Бас конференциясының Бірінші комиссиясы күн тәртібіндегі ең бір игілікті мәселелерді — мәдениет және оны сақтап қалу проблемаларын талқылап отыр. Бұл проблемалардың қатарында халықтардың аса көрнекті өкілдерінің, тарихи оқиғалардың ұмытылмастай есте қаларлық және мерекелік күндерін атап өту де бар.

Мен мәдениет жөніндегі жобалар мен ұмытылмастай есте қаларлық күндерді, 1994-1995 жылдары мерекелеу жөніндегі жобаның талқыланып отырғанын барынша құптаймын.

Комиссияның күн тәртібіне енгізілген айтулы күндер халықтардың осы заманғы мәдениеті мен әлемдік өркениеті үшін ерекше маңызды болады деп батыл мәлімдей аламын. ЮНЕСКО-ның ол күндерді атап өтуге қатысуы адамзаттың аса көрнекті перзенттерінің есімдерін олардың өздерінің үлттық шеңберлерінен тыс жерлерге танытады, халықтардың мәдени және рухани мүдделерін бүрынғыдан да берік ұштастырады.

Ханымдар мен мырзалар, міне, сондықтан да мен Сіздердің жемісті жүмыс істеулеріңізге шын жүректен ізгі тілек білдіремін. Сіздер түрлі Үкіметтер мен Мемлекеттердің мерекелі де мерейлі күндер жөніндегі ұсыныстарына қолдау білдіру арқылы халықтардың рухани жағынан қайта өрлеуіне қолғабыс етесіздер, ұлан-асыр әлемдік мәдениетке демеу бола аласыздар.

Қысқаша хабарлама жасар алдында мен Сіздерге Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шын жүректен шыққан алғысқа толы сәлемін жеткізуді өзімнің абыройлы борышым деп білемін. Ол кісі 1995 жылы тойланатын мерекелі күндердің тізіміне, қазақтың ұлы ақыны, ойшыл философы, адамгершілік туын жоғары көтерген ізгі ниетті перзенті — Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толуын мерекелеуді де енгізу жөнінде, өзінің Бас конференциясында мәселе қарауды мүмкін деп тапқаны үшін ЮНЕСКО-ға терең алғыс сезімін білдіреді. ЮНЕСКО-ның бұл әрекеті бізді тәуелсіздік жолына жаңа түскен жас мемлекеттерге деген ізгі қамқорлықтың және бір көрінісіне куә етіп отыр.

Бір кезде ұлы Гете айтқандай: «Ақынды жете танып білу үшін оның туып-өскен Отанын аралап көру керек». Осы бір өсиетті басшылыққа ала отырып, менің сіздерге Абай Құнанбаев туралы қысқаша болса да деректер бере кеткім келіп тұр.

Қазақ халқы үшін Абай бейнесі — рухани кемеңгердің, еркін ойшылдың, білім мен бостандық жолындағы қажымас күрескердің бейнесі. Абайдың өмір сүрген және шығармаларын жазған кезі патшалы Ресей Қазақстанның кең-байтақ аумағын отарлауды аяқтауға кіріскен кезбен тұспа-тұс келді. XIX ғасырдың 20-жылдарының бас кезінде Ресей самодержавиесі қазақтың ұшы-қиыры жоқ кең даласындағы ұлттық басқару жүйесін жойды, оларды жекелеген округтерге бөліп жіберді де, тікелей патша әкімшілігіне бағынышты етіп қойды. Сөйтіп, орыс шаруаларын қазақтың ең құнарлы табиғаты қолайлы аймақтарына жаппай көшіру басталды. Осы бір зорлық-зомбылықпен жүргізілген әрекеттер қазақ халқының өз ішінде жүріп жатқан қоғамдық саяси процестерге мейлінше қарама-қарсы ықпалын тигізді. Абайдың осындай қарама-қайшылығы мол оқиғалардың қалың ортасында өсіп-жетілуіне тура келді.

Арабша-парсыша сауатын бала кезінен бастап ерте ашқан Абай, ежелден келе жатқан осы тілдердің әдеби негізін тез әрі ойдағыдай меңгерді. Жас Абай сонымен қатар орыс тілін де оқып үйренді, ол арқылы Сократ, Платон, Аристотельдерден бастап Спиноза мен Спенсерге дейінгі аса корнекті ойшылдар философиялық трактаттарының мән-мағынасын терең түсінді. Ол Дарвиннің іліміне де ден қойды. Жылдар жылжып өткен сайын Абайдың философиялық көзқа-расы қалыптасып, неғүрлым айқындала түсті.

Абайтану ілімінің негізін қалаушы, көптомдық «Абай жолы» атты тамаша тарихи романның авторы, заманымыздың заңғар жазушысы, шығармаларын француз тіліне, есімі есімізден шықпайтын Луи Арагон аударған Мүхтар Әуезов, Абайдың сирек кездесетін тамаша талантының үш түрлі нәрлі арнасын атап көрсеткен болатын.

Оның біріншісі — өзінің туған халқының сарқылмас фольклорлық байлығы бар ауыз әдебиетіндегі поэтикалық мол қазынасы.

Екінші нәрлі арна — шығыс поэзиясының алтын қазынасынан бастау алады. Абай, Фирдоуси, Саади, Хафиз, Науайи, Физули сияқты мәңгі жасайтын классиктердің бай тәжірибесін оөіндік шығармашылық тәсілмен меңгерді.

Үшінші нәрлі арна — орыс әдебиеті және ол арқылы бүкіл Батыс Еуропа әдебиеті болды. Ақынның батыс елдері классиктерінің мол мұрасына ден қою фактісінің өзі орасан зор тарихи рөл атқарды.

Абай шығармашылығы дегеніміз — қазақтың халық поэзиясының шығыстың классикалық әдебиетінің, орыс жоне Батыс Еуропа мәдениетінің ғажайып жиынтығы. Абайдың үлттық ақын ретіндегі талантының өзіндік болмысы мынадан айқын көрінеді: әлгі нәрлі арналардың ешқайсысы да оның жеке өзінің бойындағы дарын ерекшелігін танытуына тосқауыл бола алмады. Абай шығармашылығына жасанды түрде сырттан енгізілген ешқандай ерекшелік белгісі жоқ. Ол суреткер ретінде дара түлға және ойшыл ретінде өзінше бөлек. Абай сегіз қырлы, бір сырлы. Ол ең алдымен ақын. Оның поэтикалық мұрасы дегеніміз — көркем туындының сарқылмас мол бастауы. Оның поэзиясы сөз бостандығына, ой еркіндігіне, жалпы адамзаттық мәдениет қазыналарына құлшына жол салудың үлгісі. Абай өз халқының рухани мәдениетін шексіз байытты. Ол қазақ халқының одан әрі дамуы үшін аса қажет болған қозғаушы күшке айналды. Абай шығармашылығының жаңашылдығы да, міне, осында. Ол жаңа тұрпатты мәдениеттің бастаушысы болды. Мүның өзі оның қалдырған мүрасының әрқашан қүндылығын көрсетеді. Абай поэзиясының түпнүсқасы өзінің мейлінше үлттық ерекшелігімен дараланады. Сонымен қатар үлттық тар шеңберден шыға алмай қалуға төзбейтіндігімен, мейлінше нәзік эстетикалық сезімінен, барынша бай және өзіндік ою-орнегі мол кестелі тілімен, адам жанының ең бір нәзік сезімдерін ғажайып шеберлікпен дәл бере білуімен таң қалдырады.

Абайдың жекелеген шығармалары әр жылдары ағылшын, неміс, қытай, араб, чех, моңғол тілдеріне, басқа да тіддерге, соның ішінде бүрынғы КСРО халықтарының коптеген тілдеріне аударыла тұрса да, зор өкінішке орай, Абай творчествосы шеберлігі мол маман аудармашылардың жеткіліксіздігінен, сондай-ақ халықтар арасындағы өзара мәдени алмасулардың болмай келгендігінен дүние жүзі оқырмандарының игілігіне айнала алмады. ЮНЕСКО-ның бүгінгі танда Абай Қүнанбаевты жете тануы бүл тосқауылды алып тастауға, сөйтіп, дүние жүзінің көптеген халықтарының Абай творчествосына жаңаша ден қоятынына көмектеседі деп кәміл сенемін.

Абай әдеби аудармашы ретінде де алдына жан салған жоқ, ол үлттық мәдениеттердің бір-біріне өзара ықпал етуіне және бірін-бірі байытуына алғаш рет жол салды. Пушкин мен Лермонтовтың, олар арқылы Байронның, Гетенің, Шиллердің және Мицкевичтің туындыларынан жасаған аудармалары біздің үлттық көркемсөзіміздің алтын қорына мәңгілік енді.

Абайдың суреткер ретіндегі сан қырлы дарыны арасында оның сазгерлік таланты да ерекше орын алады. Мұның өзі оның поэтикалық дарынына әбден лайық. Ол өзінен кейінгі ұрпаққа ондаған ғажайып ән, романс қалдырды. Қазір олар шын мәніндегі халықтық қазынаға айналып, әрбір отбасында шырқалады.

Құрметті ханымдар мен мырзалар! Құрметті Төрага мырза!

Біздің жас мемлекетіміздің қазіргі өмірінде Абайдың қаншалықты зор маңыз алатынын асыра бағалау мүмкін емес. Абай әлемі біз үшін рухани мәдениеттің мол қазынасы ғана емес, ол ең алдымен өміріміздің кең тынысты тарихи келбеті, рухани дара белгісі, осы заманғы корінісі.

Абай мүрасы — сарқылмайтын мол қазына: Абайсыз қазақтардың философиялық та, тарихи да, этикалық ақыл-ой дүниесін көзге елестету мүмкін емес. Ағылшындар үшін Шекспир, француздар үшін Бальзак, орыстар үшін Пушкин қандай болса, біз үшін Абай да тап сондай, ол ұлттық рухымыздың өзіндік жиынтығы, орасан зор мақтаныш етер тұлга болып табылады. Мүндай талант иелерінің туындылары дүние жүзі жұртшылығының ортақ игілігіне айналуы тиіс. Міне, сондықтан да Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО-ның 1995 жылға арналған үмытылмастай айтулы даталар күнтізбесіне Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толуын енгізу жөнінде үсыныс жасап отыр.

Біздің бүл ұсынысымыз Бас директор Федерико Майор мырзаның тарапынан, ЮНЕСКО Атқару Комитетінің 141-сессиясы тарапынан 1993 жылғы 7 мамырда қолдау тапты. Бұл ұсынысты қолдайтынын Германия Федерациялық Республикасының, Ресейдің, Өзбекстанның, Беларусьтің, Италияның, Түркияның, Украинаның, Болгарияның, Арменияның, Қытайдың делегациялары да білдірді.

Қүрметті ханымдар мен мырзалар!

Қазақстан — ЮНЕСКО-ның жас мүшелерінің бірі. ЮНЕСКО мүшелерінің біздің ұсынысымызды қолдауы біздің халқымызды рухани жаңа деңгейге сөзсіз көтереді және мүның өзі халқымыздың көпғасырлық тарихындағы алғашқы қуанышты жағдай. Өйткені, жүздеген жылдар бойы отарлық езгінің астында қорлық көріп келген халықтың адамгершілік туын биік ұстаған аса көрнекті өкілі адамгершілік ізгі ниетті халықаралық үйым тарапынан танылып отыр. Абай Құнанбаев дүниежүзілік қауымдастықтың танылуына әбден лайық.

Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі атынан мен, жаңа тұрпатты мәдениеттің негізін қалаушы, сол арқылы өз мұрасын мәңгілік қымбат қазынаға айналдырған Абайдың алдағы мерекесі жоғары дәрежеде лайықты өткізілетін болады деп сіздерді кәміл сендіре аламын. Бүл мерекеге ЮНЕСКО-ның қатысуы мемлекеттер арасында мәдениет саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қызмет етеді, әлем жұртшылығына дүниежүзілік өркениеттің осы уақытқа дейін белгісіз болып келген жаңа беттерін ашатын болады.

Ынта қойып тындағандарыңызға рақмет!  

Париж. ЮНЕСКО-ныц штаб-пәтері.

«Егемен Қазақстан», қараша, 1993 жыл;

Cұлтанов Қ. Серпінді кезең. – Астана:

Елорда. 2005. —  6-11-беттер;

Абайтану. Таңдамалы еңбектер. Он томдық. ҮІ том. – Алматы: Қазақ университеті, 2016. – 218-228-беттер.
Дереккөз: abai-inst.kz