Қабай (哈焕章): АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ МАЗМҰНЫ

Абайдың өлеңдері көп те емес, жалпы саны екі жүзге жетпейді, бірақ мазмұны өте бай. Өткір әрі күрделі таптық талас-тартыс, шым-шытыр ру аралық алауыздықтар, сан қилы дала қақтығыстары әрі құлай сүйген ғашықтардың трагедиялары мен өмірдің ыстық суықтары, барлығы Абай шығармасынаның тақырыбы болды. Әйгілі жазушы, Абай өмірі мен шығармашылығын зерттеуші Мұқтар Әуезов былай деген, «Бұл ұлы реалистік ақын, дәстүрлі өлеңнің тар аясын кеңейтіп, қазақ поэзиясына көптеген жаңа тақырыптар енгізді, қазақ реализмінің толық әрі көп қырлы бейнесін қалыптастырып, сол замандағы қазақ қоғамының түрлі тап өмірін көрсете білді.» Абай өлеңдерінде философиялық өлеңдер мен саяси лирикалар көп бөлігін алады, оның ішінде әйгілісі, «жасымда ғылым бар деп ескермедім», «әсемпаз болма әрнеге», «талай сөз бұдан бұрын көп айтылған», «малға достың мұңы жоқ малдан басқа», «сенбе жұртқа тұрса да қаша мақтап», «Күлембайға» қатарлылар. «Қалың елім қазағым, қайран жұртым» деген өлеңді де осы қатарға қосуға болатындай. Бұл өлеңнің кең таралуы, кезінде қазақ руларының әр табында дүмпу тудырған.  Төменде алғашқы бірнеше жолын келтіріп көрейік:

Қалың елім, қазағым қайран жұртым

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың

Жақсы менен жаманды айырмайсың

Бірі қан бірі май боп енді екі ұртың

 

Бет бергенде шырайың сондай жақсы

Қайдан қана бұзыды сартша сыртың

...

Абай өз ұлтын әдейі жаман көрсетейін деген емес, кеудесіндегі ызаны шығарып бір рахаттанайын деген мақсатта да емес. Ол өз ұлтының бір жағынан орта ғасырлық надандықтың құрсауында болып, бір жағынан өзіне өзі табынып масайрап жүргенін көріп шыдай алмайды. Абай тек осылай қатал айтып, шынайы өмірдегі дертті тереңінен көрсете білгенде ғана халықты селт еткізе аламын деп сенеді. Абайдың мақсаты халықын серпілтіп жаңа өмірге аяқ бастыру. Тоқтаусыз кеткен ру аралық алауыздықтан жоғалған ұлттық абырой мен өмір идеалын қайта қалыптастыру.

      «Күлембайға» деген өлеңінде өткір сатиралық мағына бар. Абай халық мойнына мініп ойына келгенін істейтін ру басын айнытпай суреттеп, оқырмандарға ру басының сиқысыз бейнесі мен жиренішті қылығын елестетеді:

Болыс болдым мінеки

Бар малымды шығындап

Түйеде қом атта жал

Қалмады, елге тығындап

...

Күштілерім сөз айтса

Бас иемін шыбындап

Әлсіздің сөзін салғыртсып

Шала ұғамын қырындап

«сыяз бар» десе, жүрегім

Орнықпайды, суылдап,

Сыртқыларға сыр бермей

Құр күлемін жымыңдап

...

Егер бұл өлеңді әлі де ақынның ызалы көңілінің табиғи көрінісі деп білсек, онда көп өтпей жазылған «мәз болады болысың» деген өлеңі ақын көкірегіндегі ызалы оттың жарыла шашылған жалыны деп білеміз:

Мәз болады болысың

Арқаға ұлық қаққанда

Шелтірейіп орысың

Шенді шекпен жапқанда

...

Оқалы тон тола ма

Ар-ұятын сатқанда?

...

Осы да есеп бола ма

Ар, абүйыр тапқанға?

Сырттай қарағанда бұл өлең ру басыларына деген сын есебінде, шын туайтында бұл сөздердің барлығы патша үкіметіне қаратылған. Абай патша үкіметінің Азия сахарасында емін-еркін өскен қазақ хаылқына деген надандық саясатын аяусыз әшкерелейді. Ол өз халықына шекпен мен бірге кісенді де киіп алмауды ескертеді. Бұл өлеңді ақын ойының шарықтауы шыңы деп айтуымызға болады, әрі бүкіл шығармасының өзегі, Абай асқақ моралі мен оның ұлт жандылығының белгісі.

Абай жазған маһаббат лирикасы да көп емес, алайда барлығы да тамаша туынды қатарында. «жігіт сөзі» мен 1889 жылы жазылған «көзімнің қарасы» қатарлы өлеңдер феодал түзімге айтылған жаза үкімі секілді. Бұл өлеңдер феодал заң-жоралардың ауыр қысымындағы қыз, жігіттердің ашу-ызасы мен олардың идеалды қоғамдық түзімге деген арманын білдіреді:

Қайғың болса шермен тең

Қара көңілім жермен тең

Сенсіз маған жат төсек

Болар бейне көрмен тең

(Қыз сөзі)

 

      Жүректен қозғайын

      Әдептен озбайын

      Өзі де білмей ме

      Көп сөйлеп, созбайын

                       (Көзімнің қарасы)

 

Бай қартайса, малына берер шылбыр

Мал өмірді жаңғыртпас, құдай ұрғыр

Біреудің қызын алып малға сатып

Баяғыны іздеген қандай құрғыр

(Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында)

Бұл өлең жолдары халық жүрегінде тудырған дауыл, ХХ ғасырда қазақ халықы жаңа қоғамдық түзімді қарсы алып, жас жігіттер мен қыздар еркін маһаббатқа, қалауы бойынша табысу құқығына қол жеткізген шақта ғана біртіндеп басылды.

Абай кей өлеңдерінде, сахара көркі мен қазақ халықының өмір келбетін суреттей жазған. Мысалы, «көктем», «жаз», «күз», «қараша желтоқсан мен сол бір екі ай» ж.т.б.. Бұл өлеңдерден сахараның қою исі аңқып тұрады, әрі адамға бейне сол сахарада тұрғандай әсер қалдырады. Алайда Абай натуралисттермен ұқсамайтыны ол қашанда өмір шындығына тән нәрсені қағыс қалдырмайды, сахараның бұрқаған қарлы боранын суреттегенде киіз үй ішіндегі аштық пен қиыншылықты, өмірдің ауыр жүгін арқалаған ақ қар көк мұзда алысқан кедей малшыны ойға алады. Төмендегі өлең жолдарынан Абай өлеңінің осындай ерекшелігін көре аламыз:

Кедейдің өзі жүрер малды бағып

Отыруға отын жоқ үзбей жағып

Тоңған иін жібітіп, тонын илеп

Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып

 

Жас балаға от та жоқ тұрған маздап

Талтайып қақтана алмай, өле жаздап

Кемпір шалы бар болса, қандай қиын

Бір жағынан қысқанда о да азынап

...

Қар жауса да тоңбайды бай баласы

Үй жылы, киіз тұтқан айналасы

Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты

Ағып жүріп ойнатар көздің жасы

...

Жалшы үйіне жаны ашып ас бермес бай

Артық қайыр артықша қызметке орай

          (Қараша желтоқсан мен сол бір екі ай)


Кедей малшылар Абай өлеңдерінен, күні бойы қарны тоқ, мәртебе мен игілікке бөленіп жүрген паразиттерді жетілдірген өздерінің еңбегі екенін сезеді; жайлым иелері мен байлардың ашшы қанауы мен, ру басылары мен дін басыларының берсе жолынан, бермесе қолынан алатын қылығы, өздерінің кедейлесіп күйреуіне әкеліп соққанын түсінеді. Солайша өздерінің еңбегінің құны мен өз еңбегінің жемісін өзі көру қасиетті құқығын түсінеді. Бұл Абайдың реалистік шығармашылық тәсілі мен оның өлеңдеріде көрініс тапқан халықтық қасиеттің алып құдіреті.

Абай «ескендір» қатарлы үш поэма да жазады, незігі ойы зорлық-зомбылық, ашкөздікпен күресіп, ақиқат пен еңбекті жырлау, адал маһаббат пен асқақ рухты мадақтау. Әсерлі әңгімелер, көркем өлең жолдары арқылы баяндалып, оқылғанда ырғаққа толы болып, адамды еліктіріп ала кетеді.

Абайдың лирикаларының көбі 1890 жылдан кейін жазылған. Олардың көбі халық арасында кеңінен тарап ел сүйетін тамаша шығарма болды. Мысалы, «ғашықтың тілі тілсіз тіл», «Ғабидоллаға», «ауру жүрек соғады ақырын жай», «жүрегім менің қырық жамау», «жапырағы қуарған ескі үмітпен» ж.т.б.. Тек осы өлеңдердің тақырыбынан-ақ, біз Абай өмірінің соңындағы шығармаларында тіпті де молайған мұң-зарды байқай аламыз. Бұнда ауыр жағдайлардағы күрсінулер, азаптанғандағы қан жылаулар жатыр. Бұндағы күрсіну мен жылаудың барлығы ұлттың бақытсыздығымен, дәуірдің азабымен бірге қатар жатыр:

Жүрегім менің қырық жамау

Қиянатшыл дүниеден

Қайтіп аман қалсын-ау

Қайтқаннан соң әрнедеен

                       (Жүрегім менің қырық жамау)

Көзіме жас бер, жылайын

Шыдам бер, сабыр қылайын

Жаралы болған жүрекке

Дауа бер, жамап сылайын

                      (Есіңде бар ма жас күнің)

Бұл өлеңдер қанды жасқа малшынып тұрсада, әліде атойлаған сардардың ұраны, дәуір үшін, халық үшін уәйім-қайғы ойлаған ұлы жүректің тозған заманға деген шағымы. 1897 жылы Абай өзінің қиындыққа толы шығармашылық жолын еске ала отырып, төмендегі өлең жолдарын жазады:

Бір күйгізіп, сүйгізіп

Ескі өмірді түргізіп

Өмір тонын кигізіп

Жоқты барғып, жүргізер

...

Ішіп, терең бойлаймын

Өткен күннің уларын

Және шын деп ойлаймын

Жұрттың жалған шуларын

 

Тағы сене бастаймын

Күнде алдағыш қуларға

Есім шығып қашпаймын

Мен ішпеген у бар ма?

                       (Құлақтан кіріп бойды алар)

Абай өз өмір жолында тар жол тайғақ кешсе де, еш қашан «үмітсізденіп, тартыншақтаған» емес. Ол еш қашан да өз сенімінен таймай, көздеген мақсатынан жаңылмай, өмірінің соңғы сәттеріне дейн жүріп өтті.

Шет елдегі Абайтанушылар, оның «төңкерісшіл демократияшыл дүние танымы биігіне дейін көтеріле алмағанына» өкініш білдіреді. Елімізде әлі ешкім бұл жөнінде терең талқылаулар жасаған емес. Мұнда Абай дүние танымы жайлы көп жазып талдамай-ақ қояйын, бір айтакететіне: Абай өз дәуірі оған жүктеген тарихи міндетті орындады – оның өлеңі таң алдындағы самал жел спетті, қазақ даласындағы қаптаған қара тұманды сейілтті, қазақ халықының оянуына орасын үлес қосты.

Абай шығармаларының толық жинағы

/Қытай тіліне аударған, зерттеу мақаланы

 жазған Қабай. – Пекин: Ұлттар баспасы, 2005.